USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алексей Цой омикрон штамының Қазақстанға келу ықтималдығы туралы пікір білдірді

2021 жылғы 7 желтоқсан 12:40
Бөлісіңіз:
Алексей Цой омикрон штамының Қазақстанға келу ықтималдығы туралы пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой омикрон штамының Қазақстанға келу ықтималдығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сарапшы: Омикрон штамынан кейінгі антидене дельтадан онша қорғай алмайды Коронавирус: «Омикрон» штамы Ресейдің 60-тан астам ауданынан анықталды Омикрон штамы мутацияға ұшырап, тез өзгереді – атыраулық дәрігер Тілепберген Хамзин

«Қазір ең басты мәселе мониторинг болып отыр. Себебі әзірге жаңа штамм толық зерттеліп біткен жоқ. Әлемде түрлі штамдар пайда болып жатқанын біліп отырсыздар. Бірінің орнын бірі алмастырып жатыр – лямбда, одан кейін Eta-штамм... Әр штамға ерекше назар аударуға мәжбүрміз. Әр пайда болған штамның қалай тарайтынын алғаш пайда болған елдегі жағдайға қарап түсінудің маңызы зор. Жақында ғана Женевада болып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директорымен кездестік. Сол кезде бұл штамды зерттейтін жұмыс тобы құрылғаны айтылды. Ең бастысы, бұл штамның соңы пандемияға ұласпағаны керек. Яғни, ел ішінде таралуын бақылауда ұстау маңызды», - деді министр БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, қазір бүкіл әлем қауымдастығының міндеті – штамның қаншалықты жұқпалы екенін, оның қалай әрекет ететінін, оның клиникалық көріністерін және адамдар үшін қаншалықты қауіпті екенін бақылау.

«Әзірге сенімді деректер жоқ. Тек жекелеген деректер бар. Эпидемиологиялық мониторинг жүйесі жұмыс істеп жатыр. Біз ай сайын шетелден келген, әсіресе, талдау қорытындысы сырқат бар екенін көрсеткен азаматтардан сынамалар алып отырмыз. Тиісінше, халықаралық мәліметтер базасы арқылы бұл сынамалардың вирус штамының қайсысына жататыны тексеріледі. Сондықтан, жақын арада біз нақты қорытынды аламыз, соның негізінде бәрі түсінікті болады. Вирустың бұл штамы Қазақстанға келген күннің өзінде оның табиғатын, таралу тәсілін түсіну маңызды», - деді Алексей Цой.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT