Алексей Цой: МСАК жұмысын жандандыру керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Медициналық-санитарлық алғашқы көмек жұмысын жандандыру қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алесей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, жыл басынан бері жағдайы ауыр науқастар санының жекелеген өңірлерде артуына байланысты Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері өңірлерге шығып әдістемелік көмек көрсеткен. Жұмыс сапарлары барысында бірқатар кемшіліктер анықталған.

«Медициналық-санитарлық алғашқы көмек деңгейінде диспансерлік топтағы пациенттерді қарқынды бақылауға алу мен жанама ауруларын емдеуде кемшіліктер бар. Халық арасында коронавирус инфекциясының алдын алу және диагностикалау іс-шаралары бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары әлсіз жүргізілген. Инфекциялық стационарлар деңгейінде кадрлық қамтамасыз етуге қатысты да проблемалық мәселелер бар. Осыған орай өңірлерге МСАК-стацонарлары, сонымен қатар денсаулық сақтау басқармалары деңгейінд қажетті іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде егжей-тегжейлі ұсыным берілді», - деді министр.

Сонымен қатар ол өңірлерді МСАК және стационарлар деңгейінде коронавируспен ауырған науқастарға медициналық көмек көрсету барысын тұрақты бақылауға алуға шақырды.

«Қазіргі уақытта МСАК деңгейіндегі жұмыстардың кемшілігі инфекциялық стационарлардың толып кетуіне, халыққа шұғыл және жоспары медициналық көмек қолжетімділігінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Осыған орай Денсаулық сақтау басқармалары МСАК жұмысын жандандыруы, коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды амбулаторлық емдеуге тұрақты мониторингті қамтамасыз етуі, шақыртуларға дер кезінде қызмет көрсету және пациенттерге кеңес беру бөлігінде мобильді бригадалардың жұмысын үнемі бақылауға алуы, ПТР-ға арналған биологиялық материалдар үлгілерін алуы, коронавируспен және өкпе қабынуымен ауырған науқастарға үйлеріне дәрілік заттарды жеткізіп беру, ақпаратты түсіндіру жұмыстарын күшейтуі қажет», - деді Алексей Цой.


Соңғы жаңалықтар