Алексей Цой: Мамырдың соңында қосымша «QazVac» пен «Хаят Вак» вакциналары жеткізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мамырдың соңына дейін «QazVac» пен «Хаят Вак» вакциналары жеткізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирусқа қарсы вакциналау жалғасып жатыр. Бүгінде вакцинаның 2,6 млн дозасы қолданылды. Оның ішінде бірінші компонентпен 1 871 823 адам екпе алды. Екінші компонентпен 778 346 адам қамтылды», - деді министр.

Сонымен қатар ол Бас мемлекеттік санитар дәрігердің Спутник V вакцинасының бірінші компонентінен кейін екіншісін алу аралығын 21-ден 90 күнге дейін ұзартуға қатысты қаулысына өзгерту енгізілгендігін атап өтті. Яғни, азаматтар екінші компонентті біріншісін алғаннан кейінгі 21 күнннен бастап салдыра алады.

«Бүгінде екпе пункттерінде вакцинаның жеткілікті дозасы бар: шамамен 500 мың бірінші компонент және 750 мың екінші компонент. Вакцинаны жеткізу де кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, 14 мамырда Қарағанды фармацевтикалық зауытына Спутника V өндіруге арналған субстанция жеткізілді. Қазіргі уақытта вакцинаның 1,2 млн дозасын кезең-кезеңімен өндіру жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар айдың соңына дейін қосымша KazVac және Хаят Вак вакциналарының жеткізілетіндігі күтіледі», - деді Алексей Цой.


Соңғы жаңалықтар