Алексей Цой Қарағандыда шығарылып жатқан вакцинаға қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа қарсы вакцина кестеге сәйкес жеткізіліп, өңірлер сұранысы қамтамасыз етіледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы вакциналау бағдарламасын қолдап отыр. Вакцина салдырып, өзінің азаматтық ұстанымын көрсетті. Біз Қарағандыда жасалған вакцинаны («Спутником V») Қазақстанда шығарылған деп санаймыз. Яғни ол Қазақстанда, отандық зауытта шығарылған вакцина. Бұдан бөлек, отандық ғалымдар дайындап жатқан QazСovid-in вакцинасы да Қазақстанда өндіріледі. Бұл тұрғыда біз қандай да бір проблеманы көріп тұрғанымыз жоқ», - деді А. Цой Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда министр Мемлекет басшысы вакциналау әр азамат үшін маңызды екенін, әлем елдері мойындаған қадам болып саналатынын айқын керсеткенін атап өтті.

«Сондықтан ел халқын вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет құруға шақырамыз», - деді Алексей Цой.

Еске сала кетейік, жақында Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды.


Соңғы жаңалықтар