Алексей Цой Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілімен кездесті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі географиялық қашықтықтағы кеңсесінің басшысы Мелитта Якабпен кездесті. Бұл жөнінде ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ДДСҰ талаптарына сәйкес келетін БМСК-да ГДО-ға жұмыс істеуге ұлттық кадрлар қатарын көбейтуді қолдады.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі мен кеңсе арасындағы серіктестікті арттыру жайы талқыланды.

Әсіресе, еуропалық аймақтағы, оған қоса Қазақстандағы медициналық қызметкерлер үшін «МСАК» бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұсыну айтылды. Бұдан бөлек, GDO-ны БМСК-дегі ең жақсы әлемдік тәжірибеге айналдыру тақырыбы қозғалды.

Атап айтқанда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының барлық 6 аймағымен жұмыс жасау үшін кеңсеге белгілі бір жаһандық функцияларды Қазақстанға әлемдік деңгейде жүзеге асырылған МСАК жөніндегі Астана декларациясын ілгерілету жұмысына сәйкес беру.

А.Цой Қазақстан Еуропа өңірлік комитетінің 70-сессиясында жарияланған 2020-2025 жылдарға арналған «Еуропалықтардың денсаулығын жақсарту жөніндегі бірлескен іс-қимылдар» еуропалық жұмыс бағдарламасын әзірлеу мен қабылдауды толық қолдайды деп сендірді.

Кездесу соңында ҚР Денсаулық сақтау министрі бірлескен жұмыстың арқасында кеңсе қызметін күшейтуге болатынына сенім білдірді.

Әсіресе, еуропалық аймақтағы алғашқы медициналық-санитарлық көмектің дамуын үнемі қадағалай отырып, ДДСҰ-ның Еуропадағы аймақтық бюросы деңгейінде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің дамуына баса назар аударуына екпін түсірді. Сондай-ақ, бастапқы деңгейде одан әрі жұмыс істеу үшін ұсыныстар әзірленетіні баяндалды.

А.Цой мен М.Якаб осы және басқа мәселелерді айына 1-2 рет желіде талқылауға келісті.


Соңғы жаңалықтар