Александр Винокуровтың неліктен қызметтен алынғаны бізге беймәлім - министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрлігі Александр Винокуровтың Astana-Premier Tech велокомандасының басшылығынен кетуіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәдениет және спорт министрлігі Astana-Premier Tech велокомандасы мен Олимпиада чемпионы, танымал шабандоз Александр Винокуровтың арасындағы жайдан бейхабар. Еліміздегі спорт саласына жауапты мекеме болғанына қарамастан, министрлікке бұл ауыс-түйіс жайлы хабарланбады. Мәдениет және спорт министрлігін бұл жайт қатты алаңдатады», - деп жазылған ведомствоның ресми сайтындағы мәліметте.

Министрліктің мәлімдемесінде Александр Винокуровтың команданың спорттық басқарушы директор қызметінен алынуына құқықтық баға берілетіні айтылған.

«Қазір «Астана» Президенттік спорт клубы мен оның қатарындағы барлық құрылымды Мәдениет және спорт министрлігіне беру процесі жүріп жатыр. Жақын арада барлық процесс аяқталған соң Astana-Premier Tech велокомандасында болған жайтқа қатысты құқықтық баға беріледі», - делінген ресми мәлімдемеде.


Соңғы жаңалықтар