Александр Куликов слаломды есуден Олимпиадаға жолдама жеңіп алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Таиландтың Паттайя қаласында слаломды есуден Олимпиадаға Азия аймақтық іріктеу турнирі өтіп жатыр. Аталған сында Қазақстан қоржынына алғашқы жолдама түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, ерлер арасындағы жекелей сында қазақстандық Александр Куликов жеңіске жетті. Оның уақыт көрсеткіші - 80.42.

Бұл бәсекеде Олимпиада жолдамасы тек қана жеңімпаз спортшыға беріледі.

Финалда бақ сынаған тағы бір қазақстандық спортшы Қуаныш Еренғайыпов 7-ші орыннан көрінді.

Ақтық сында жалпы есебі он спортшы жарысқан болатын.

Айта кетелік, Александр Куликов 2018 жылғы Азия ойындарында қола жүлдегер атанып, спорттың бұл түрінен Қазақстанға Азиаданың алғашқы медалін сыйлаған. Сондай-ақ, Куликов 2017 жылы Иранда өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы.


Соңғы жаңалықтар