+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Александр Бублик әлемдегі үздік елу теннисшінің қатарына қайта кірді

2020 жылғы 19 қазан 11:08
Бөлісіңіз:
Александр Бублик әлемдегі үздік елу теннисшінің қатарына қайта кірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемдегі үздік елу теннисшінің қатарына қайта кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Күннің ыстығы қатты әсер етті: Ярослава Шведова жарыстан неліктен бас тартқанын түсіндірді Токио-2020: Ярослава Шведова жарысты жалғастырудан бас тартты

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) бүгін жария еткен рейтингте А.Бублик 52-ден 49-орынға көтерілді.

Осылайша қазақстандық теннисші бір апта бұрын жоғалтып алған орнына қайта оралды. Ол биылғы ақпандағы үздік көрсеткішіне (47) жақын тұр.

Тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкин 88-ден 89-ға төмендесе, Дмитрий Попко 178-ден 173-ке жоғарылады.

Көш басындағы үштікте (сербиялық Новак Джокович, испаниялық Рафаэль Надаль, аустриялық Доминик Тим) ешқандай өзгеріс болмаса, кеше Санкт-Петербург турнирінің

чемпионы атанған ресейлік Андрей Рублев өз спорттық жолында алғаш рет 10-нан 8-орынға көтерілді.

Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Чехияда бүгін басталатын Острава WTA жарысында бақ сынайды. Ол ертең алғашқы айналымда

іріктеу сайыстары жеңімпаздарының бірі, ресейлік Дарья Касаткинамен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің рейтингтегі жаңа орны белгілі болғанын, А.Бубликтің жұптық сында Санкт-Петербург турнирінің финалына шыға алмағанын жазған едік.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT