Алек Болдуин кино түсіріліп жатқанда абайсызда операторды өлтіріп, режиссерді жарақаттады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. BBC - ҚазАқпарат – Оператор Галина Хатчинс Санта-Фе қаласының (Нью-Мексико штаты) маңындағы «Раст» вестернінің түсірілімінде қайтыс болды, оны продюсер және таспадағы басты рөлді сомдаушы - танымал Голливуд актері Алек Болдуин кездейсоқ атып өлтірген. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Оның атқанынан фильмнің режиссері Джоэль Соус та зардап шекті, оның жағдайы ауыр, деп хабарлайды BBC агенттігі.

Фильмнің түсірілімін жүргізетін компанияның өкілі The Hollywood Reporter басылымына бұл оқиға Болдуин бос оқ атқан сахнаны түсіру кезінде болғанын айтты. Қару түсірілім алаңында реквизит ретінде пайдаланылған.

Журналист Тесса Ментус өзінің Twitter-інде түсірілім кезіндегі фотосуреттерді жариялады.

Галина Хатчинс 42 жаста еді, ол «Макс Фист» («Archenemy») және «Дорогуша» («Darling») сияқты фильмдермен жұмыс істеді.

The Hollywood Reporter жазғандай, Болдуин әйгілі қылмыскер Харланд Растаның «Раст» фильмінде ойнайды. Сюжетке сәйкес, оның немересі кездейсоқ кісі өлтірді деп айыпталады. Содан кейін Раст оны түрмеден босату үшін Канзасқа барады. Вестерн әрекеті XIX ғасырдағы уақытты қамтиды.

Бейсенбіде 63 жастағы Болдуин «Бұл – өте қиын жағдай» деген жазбамен Instagram-да өзінің суретін салды.


Соңғы жаңалықтар