Алдағы жылдары Ұлттық банк жұмысында қандай өзгеріс болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық банк 2023 жылдан бастап экономиканы қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларынан кезең-кезеңімен шығады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылы Ұлттық банктің 2023 жылдан бастап экономиканы қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларынан кезең-кезеңімен шығуын ескере отырып, экономиканы кредиттеудің нарықтық қағидаттарын дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалатын болады», - деді Е. Досаев.

ҰБ мәліметінше, экономикаға кредиттер 2020 жылы ұзақ мерзімді кредиттердің өсуі нәтижесінде 14,6 трлн теңгеге дейін 5,5 пайызға ұлғайды.

Ақша-кредит талаптарының жеңілдеуіне қарай және экономиканы қолдау бағдарламалары есебінен экономиканың нақты секторына кредиттік ресурстардың құны 11,4 пайызға дейін төмендеп келеді.

«Кәсіпорындарға кредиттер бір жыл ішінде 1,5 пайызға азайғанмен, шағын бизнеске кредиттер 19,3 пайызға немесе 406,4 млрд теңгеге артты. Халыққа кредиттер ипотекалық кредиттер портфелінің 34,3 пайызға немесе 606 млрд теңгеге ұлғаюы есебінен 13,0 пайызға өсті», - деді Ұлттық банк төрағасы.


Соңғы жаңалықтар