Алдағы үш күнде найзағай жарқылдап, бұршақ жауады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы күндері антициклонның әсерінен Қазақстан Республикасының оңтүстік жартысында жауын-шашын тоқтайды. Ал елдің солтүстік бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр және бұршақ жауады.

Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Үшінші күні республикада ауа температурасы айтарлықтай жоғарылайды.


Соңғы жаңалықтар