Алдағы үш күнде елімізде жауын жауады, күн салқындайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер 19-21 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Алдағы күндері Солтүстік-батыс циклонының өтуіне және фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыстағы кей жерлерде қатты нөсер жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі, дауыл соғады, жел күшеюі ықтимал, бұршақ жаууы да ықтимал. Ауа температурасы төмендейдікүтіледі, тек еліміздің оңтүстігінде ғана жоғарылайды», делінген болжамда.


Соңғы жаңалықтар