Алдағы тәуліктерде күн суытады - Қазгидромет

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер 2018 жылдың 2-4 қазан аралығына ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Демалыс күндері ауа райының жылы болуына әсер еткен антициклон Батыс Сібірдің оңтүстігіне ығысты.

Алдағы екі тәулікте Қазақстан арқылы суық атмосфералық ауа ағындары өтіп, 2 қазанда республиканың солтүстік және орталық облыстарында, 2-3 қазанда оңтүстік-шығыс және шығысында жаңбыр жаууы ықтимал.

Республиканың батыс облыстарына антициклон ауысып, үсік жүреді.  Кейін антициклон шығысқа жылжиды, соған байланысты Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасы 0...5° дейін төмендейді. 

Соңғы жаңалықтар