+7 (701) 759 90 19
USD 421.91 EUR 511.57
RUB 5.59 CNY 65.2
Jańalyqtar

Алдағы сайлауда партиялар емес қазақ тілі жеңіске жетуі тиіс - Дәурен Қуат

2020 жылғы 18 қараша 13:18
Бөлісіңіз:
Алдағы сайлауда партиялар емес қазақ тілі жеңіске жетуі тиіс - Дәурен Қуат

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауда партиялар емес қазақ тілі жеңіске жетуі тиіс. Бұл туралы «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ерлан Саиров білім беру саласында психологтардың штатын көбейтуді ұсынды Депутаттар қандастардың құжаттарын ретке келтіру мәселесін көтерді Нығматулин: Заң жобасы ТМД елдерінен асыл тұқымды малдарды кедергісіз әкелуге жол ашады

«Әлемде бізден басқа елде мемлекеттік тіл немесе тіл туралы мәселе жоқ. 175 елде ресми тіл мойындалады екен. «Ресми тіл» деп жергілікті тіл айтылады. Ал табиғаты, тарихы бойынша орыс тілі - ресми тіл емес. Басқа елдер өзінің құрамындағы елдердің тілдері жойылып кетпес үшін қамқорлық жасайды. Соларға заңмен көмек көрсетеді. Ал біз әлі күнде өзіміздің тілімізді осындай ресми жиындарда мойындата алмай келеміз. Тіпті, өзгеге емес өзімізге өзіміз мойындата алмай отырмыз. Мұны тоқтату керек», - деді ол «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс XVIII съезінде.

Сонымен қатар ол алдағы Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауда қазақ тілі жеңіске жетуі тиістігін баса айтты.

«Сайлауға барлық партия атсалысып жатыр. Бәрі жеңіске жеткісі келеді. Меніңше, бұл сайлауда қазақ тілі жеңіске жетуі керек. Заң шығарушы органға қазақ тілі баруы тиіс», - деді Дәурен Қуат.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT