Алдағы күндері ауа температурасы 9 градусқа дейін төмендейді - Қазгидромет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 23-25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Салқын Атлантикалық антициклон шығысқа қарай баяу жылжып, Қазақстанның басым бөлігіне өзінің ықпалын сақтап қалады. Егер шеткі солтүстік және шығыс өңірлер төмен, бірақ оң ауа температурасын сақтаған циклонның қорғауында қалса, онда кезең ішінде антициклон оны республикадан тыс жерлерге ығыстыра бастайды ауа райын жауын-шашынсыз және төмен ауа температурада болады. Түнде еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында термометр 1-9 градусқа дейін төмендейді. Тек еліміздің батысында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, жел күшейеді», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар