Алдағы демалыс күндерінің ауа райы белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктерл 23-25 қарашаға арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«21-22 қараша қыстың басы болып саналады. Бірақ биыл еліміздің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарына ерте суытып, қатты аяз басталып, ол оңтүстік облыстарға да тарады», делінген хабарламада.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанға алдағы демалыс күндері солтүстік теңіздерден суық және дымқыл ауа массасы келеді. Сондықтан республиканың басым бөлігінде ауа райы бұлтты болады, кей жерлерде қар жауы, бұрқасын соғады, солтүстік-шығыстан екпінді жел күтіледі, аяз бәсеңдей бастағанымен ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен төмен сақталады.

Соңғы жаңалықтар