Алдағы 4 жылда 3,5 мың ауылды дамытуға 670 млрд теңге жұмсалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы 4 жылда «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 3,5 мың ауылды дамытуға 670 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Келесі 4 жыл ішінде 1,3 трлн теңге бөлінеді. Оның ішінде «Ауыл - ел бесігі» аясында – 670 млрд теңге. 2025 жылға дейін, даму әлеуеті бар 3,5 мың ауыл қамтылады. Онда ауыл тұрғындарының 90 пайыздан астамы тұратын болады. Жалпы, ауылдық жерлерді дамыту жөніндегі кешенді тәсіл 2025 жылы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын едәуір арттыруға мүмкіндік береді», - деді Әсет Ерғалиев аталған жобаның орындалуы жайында баяндай келе.

Оның атап өтуінше, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауыл халқы сумен жабдықтау қызметтерімен 100 пайыз қамтылады. Жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік барлық ауыл тұрғындары үшін қолжетімді болады. Ауылдық жерлерде 24 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.

«Жергілікті маңызы бар жолдардың 95 пайызы жақсы жағдайда болады. 12 мың шақырым инженерлік желілер салынады және жаңғыртылады. 10 мың шақырым кент ішіндегі жолдар салынатын және жөндеумен қамтылады», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар