Алаяқ әйел Орал қаласы тұрғынының 12 млн теңгесін жымқырып кеткен

None
None
Орал. ҚазАқпарат - БҚО полициясы алаяқтық фактісін анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция қызметкерлері 50 жастағы азаматшаның пәтерін сатамын деген желеумен 12 700 000 теңгесін иемденген Орал қаласының тұрғыны -38 жастағы әйелді ұстады.

Оның басқа қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Бұл оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлімі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар