Алаяқ әйел 4 өңір тұрғындарын алдап соққан

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы «Теңіз» кенішіне жұмысқа орналастыруды уәде етіп, адамдарды алдаған атыраулық әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алаяқ әйел тек Ақтөбе облысының емес, Түркістан, Атырау облыстары мен Шымкент қаласының тұрғындарынан ақша жинап алған.
«WhatSapp мессенджері арқылы хат алмасып, адамдардың сеніміне кіріп, «Теңіз« кенішіне жұмысқа орналастыруға уәде берген. Шымкент қаласының тұрғыны оған 200 мың теңге беріп, қолындағы барынан айырылып қалған. Тергеу барысында күдіктінің алаяқтық жолмен 40-тан астам адамды алдағаны анықталды. Алаяқ әйел әр құрбанынан 150 -200 мың теңгеден алып, өз уәдесін орындамаған», - деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Шығынның жалпы сомасы шамамен 10 миллион теңгені құрады. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің «Алаяқтық» бабы бойынша жүргізілді. Ол үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе материалдық залалды 20 есе етіп қайтаруы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар