Алаяқ 49 млн теңгеге қарызға алтын алып, ломбардқа өткізіп жіберген

None
None
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Жетісай аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын жеткізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Жәбірленуші алтын сатумен айналысқан. 3 ай бойы тұрақты тұтынушы болып келген бейтаныс адам соңғы рет қарызға алған алтындардың ақшасын бермей кеткен. Жалпы жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 49 миллион теңгені құрайды.

Жан-жақты іздестіру жұмыстары нәтижесінде күдікті қамауға алынды. Тергеу барысында белгілі болғандай, ол жәбірленушіден алған алтын бұйымдарды Жетісай ауданындағы ломбардтардың біріне өткізіп жіберген. Ал ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі таңда аса ірі мөлшердегі алтын бұйымдар айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды.



Соңғы жаңалықтар