Алатау театрының әншілері Абайдың 175 жылдығына әдебиет күнін арнады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының өнерпаздары Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай әдебиет күнін арнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Театр басшылығы қазақтың ұлы ойшылы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ақынның ғибратқа толы, ауқымды мұрасын өскелең ұрпаққа дәріптеуді мақсат еткен.

Онлайн форматта өткен концертте Алатау дәстүрлі өнер театрының ұжымы өлең оқып, «Алатау» ұлттық ансамблінің сүйемелдеуімен ән орындады.

Сазды әуен арнайы әзірленген видеоқатармен берілді.

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының әншісі халықаралық және республикалық конкурстардың жүлдегері Жақсылық Сақаев «Өзгеге көңілім, тоярсың» әнін орындады.

Айта кету керек, биыл ұлы қазақ ойшылы, ақын Абайдың туғанына 175 жыл толды. Осыған орай елімізде ақын мұрасын дәріптеу мақсатында ауқымды түрде түрлі мәдени іс шаралар ұйымдастырылды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай жылы ұлтымыздың рухани реформаторының мұрасын қайта зерделеуге керемет мүмкіндік бергенін айтты.

Алыс-жақын шетелде де Абайдың мерейтойы аталып өтті.

Атап айтқанда, Люксембургте Абайдың 175 жылдығына арналған концерт өтті.

Малайзияда Абай атындағы Қазақ әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылды. Абай шығармалары алғаш рет жапон тіліне аударылды.

Пандемияға байланысты Абайдың 175 жылдығын тойлауға бөлінген қаражаттан 1,7 млрд теңге үнемделген. Бұл қаражаттың қайда жұмсалғанын ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты.


Соңғы жаңалықтар