Алакөлдегі фестивальді 10 мыңнан аса демалушы тамашалады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Үржар ауданындағы Алакөл жағалауында алғаш рет өткізілген жазғы фестивальді 10 мыңнан аса демалушы тамашалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

null null  
Өңірдің туристік ақпарат орталығының директоры Сымбат Рамазановтың айтуынша, биыл Алакөл қонақтарды жаңа жағалауы, жергілікті арбаты мен игілендірілген жағажайымен ғана емес, мәдени-көпшілік бағдарламаларымен де таңқалдырды.
null 

Алғаш рет өткізілген «Алакөл алаулары» жазғы фестивалі қонақтарды екі күн бойы қуанышқа бөледі. «Фестивальге Еуропа мен Орталық Азия, Қытай, Ресей елдерінен келген туристер қатысты. Адамдар алған әсерлері мен жақсы пікірлерімен әлеуметтік желілерде бөлісіп, суреттер жүктеді.
null 

Фестивальге Өскемен аспаптық тобы қатысты, файер-шоу, отшашу, түрлі спорттық-ойын-сауық конкурстары ұйымдастырылды, фотоаймақтар жұмыс істеді және осы екі күн бойы көптеген қызықты бағдарламалар болды, - деді С.Рамазанов.
null 

Шығыс Қазақстандағы Алакөл жағалауы туризмді дамыту үшін негізгі нысандардың бірі болып табылады. Биыл алғаш рет облыстық бюджеттен жағалауды абаттандыру үшін 500 млн 580 мың теңге бөлінді. Қазан айының соңында 1 млрд 305 млн теңге сомасына есептелген Мақаншы-Жалаңашкөл бағытындағы жолды жөндеу жұмыстарны аяқталады.
null 

Соңғы жаңалықтар