Алакөлде жыл сайын музыкалық фестиваль өткізу жоспарлануда

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл демалыс орнында жыл сайын музыкалық фестиваль өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының туризм саласын дамыту мәселелеріне арналған кеңесте аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ билігі Алакөлдегі демалысты өркениетті етуге ниетті, сондықтан ескі инфрақұрылымға өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, тамақтану орындарын орналастыру схемасы қайта қаралды.

«Жағалауда 347 кәсіпкерлік нысан демалушыларға қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, Алакөлдегі арбатта демалушыларға кедергі болмауы үшін тамақтанатын және кәуап дайындайтын орындарға арнайы жерлер берілді. Демалыс өркениентті деңгейде болуы тиіс. Алакөлдегі туризм деңгейін көтеріп, демалушылар ерекше әсер алу үшін биыл «ALAZONE ARENA» іске қосылмақ. Бұл жер Баку қаласындағы «Жары» сияқты халықаралық фестиваль өткізетін алаңға айналады», - деді облыс әкімі.


Сондай-ақ әкім көлге іргелес аумақта электр желілері мен су құбыры тартылып жатқанын, демалушылардың қауіпсіздігіне жауапты қызметтер үшін әкімшілік ғимараты салынып жатқанын айтты. Қазір онда су түбін тазарту жұмыстары жүргізіліп, құтқарушылар мен полиция кезекшілік етуде.

Айта кетейік, Алакөлдегі 163 қонақ үй мен демалыс базаларының 94-і «ASHYQ» жүйесіне қосылған. 900 қызметкердің 80% коронавирусқа қарсы екпе салдырды.


Соңғы жаңалықтар