Алакөлде дуатлоннан республикалық турнир өтті

None
None
ҮРЖАР. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында дуатлоннан «Алакөл - 2018» ашық республикалық турнирі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған дуатлон жарысына 100-ден аса адам қатысты. Олар алдымен 3 шақырымға жүгіріп, артынша 10 шақырымды велосипедпен жүріп өтті. Кейін тағы 2 шақырым жүгірді.

Жарысқа ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Жарасбаев, ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің Спорт дирекциясының басшысы Елсияр Қанағатов, «Қазақстан барысы» Айбек Нұғымаров, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Диас Ахмадиев те қатысты.
nullnull

«Біздің мақсатымыз - қазақтың қасиетті киелі жерлерін насихаттау. Алакөл еліміздің әдемі әрі керемет жерлерінің бірі. Ауасы, суы өте тамаша. Айдынды Алакөлде осындай жарыстарды жыл сайын өткізу жоспарда бар», - деді Серік Жарасбаев.

Әуелі жарыс жолына 30-34 жас санатындағылар сынға түсті. Нәтижесінде үржарлық, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ердос Ахмадиев бірінші орынды иеленді. Ал жастар арасында көлденеңдік Нұртай Байтіков пен 19-23 жасқа дейінгілер арасында Қабанбай ауылының тұрғыны Ақжол Салиевтер чемпион атанды.

Айта кетейік, 55-59 жас аралығындағы ерлер арасында ресейлік Асқабыл Самашев пен 50-54 жастағылар арасында үржарлық Дулат Иманқажылар бірінші орындарға табан тіреді. Сонымен бірге, 29 жасқа дейінгі қыздар арасында өскемендік, скайдайвинг спорт түрінің бірнеше мәрте жеңімпазы Анастасия Маврина бірінші орын алды.  

«Қарсыластар мықты болды. Бірақ бар күшімді салып, өзімді дәлелдедім. Жарысты ұйымдастырушыларға үлкен рахмет», - деді алтын жүлдегер Ердос Ахмадиев.

Айта кетерлігі, жарыс соңынан дуатлонға қатысушылар арасында лоторея ойнатылып, Александр Винокуровтың велосипеді, Серік Сәпиев пен Бақтияр Артаевтың қолғабы, Ольга Рыпакованың жейделері қойылды. 

nullnull

Соңғы жаңалықтар