Алакөл тұрғанда алыстағы Анталияны қайтеміз: туристік орталықтың бүгінгі жайы қандай

None
None
  ҮРЖАР. ҚазАқпарат - Жердің талайын көрген Асанқайғы Алакөл маңына аяқ тірегенде «Тоқта!» деген екен. Бүгінде ел көненің көзіндей болған Тоқта тауының тарихын солай өрбітеді. Атының тізгінін тартып, айналасына көз салған кемеңгер: «Жер-ақ екен шіркін, бірақ ұрыс исі шығып тұр» деп мұңайыпты. Күншығыстан ақтарыла төгілген жау Жоңғар қақпасынан шыға бере осы жақты беттеген деседі. Жараланған батырлар да көлге түсіп, сауығып қайтады екен. Тегінде көлге құятын өзендердің бірі Емілді Арқаның қақпасы депті Қадырғали бек. Кезінде мұхит атасы атанған Жак-Ив Кусто Алакөлді қақ жарған ақ жолақты байқап, қасиет тұнған деп таңдай қағыпты.

Иә, бұл көненің күмбірі. Ал Алакөлдің бүгінгі жайы туралы сіздерді осы арнайы журналисттік зерттеуімізде хабардар етпекпіз.

nullОлай дейтініміз, бүгінгі күні әлемде теңдесі жоқ шипалы Алакөлдің жағасы жыл өткен сайын көркейіп, демалушылар үшін барлық жағдай жасалып, абаттандырылып келеді. Үш жылда жағалауды абаттандыру жұмыстарына 4 миллиард 363 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінді.

nullШығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасына сәйкес, Алакөлге баратын жолдар жөнделіп, туристерге қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жағалауға арбат, субұрқақ, демалыс саябағы, автобекет абаттандырылып, автотұрақ жасалып, санитарлық тазалыққа және басқа да қауіпсіздік мәселелеріне көңіл бөлінуде.  Бүгінде демалушылар үшін барынша қолайлы жағдай жасалған.

nullҮржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин атап өткендей, биылғы жылы жағалауға 2 миллиард 511 миллион теңгенің жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Жалпы демалушыларды толғандыратын мәселелердің бірі - жол проблемасы. Осы ретте, Барлық-Арасан-Алакөл және Мақаншы- Жалаңашкөл автокөлік жолдарын жөндеуге 1 262 миллион теңге бөлінген. Биыл Мақаншы мен Жалаңашкөл ортасындағы жолды орташа жөндеу жұмыстарын аяқтауға 518 миллион, ал Қарабұлақ-Қабанбай тасжолын (16 шақырым) қалпына келтіруге 308 миллион теңге қарастырылған. Сондай-ақ жолаушылар назарына биылдан бастап аптасына екі рет Өскемен мен Семейден Жалаңашкөл стансасына пойыз қатынай бастайды. Билет бағасы 2 800 теңге болмақ. Бұдан бөлек аудан орталығына Астана, Алматы, Өскемен мен Семей қалаларынан әуе рейстері қатынауда.

null Тағы бір керемет жаңалық - алдағы уақытта туристерге Қабанбай ауылындағы мәдениет үйінің ішінен қазіргі заманға сай тарихи-археологиялық мұражай кешені ашылмақ. Мұражайдың заманауи интерактивті ақпараттық тақталармен жабдықталуы жоспарлануда. Онда 3D-графика мен панорамалар пайдаланылмақ.

ШҚО Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Азамат Мұхамедчиновтың  айтуынша, мұражайға 3 мыңға жуық экспонаттар әкелінбек. Атап айтқанда, келушілер Шығыс Қазақстан облысының ірі көлінің, оның флорасы мен фаунасының химиялық құрамымен таныса алады. Сонымен бірге IV-III ғасырларда жерленген белгілі «Үржар ханшайымы», «Алтын адам», Тарбағатайдың таңбалы тастары, Найманқала, Еміл қаласы, Шығыстан табылған археологиялық заттар және тағы басқа құндылықтар қойылмақ.

 null  Жалпы мәдениет үйіне қайта жаңғырту жұмыстары өткен жылдың қыркүйегінде басталған болатын. Құрылыс ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде.  

Тағы бір жаңалықтардың бірі Алакөл көлінің кіре берісіне алғаш рет «ТOURIST INFO» атты туристік ақпараттық орталық ашылды. Орталық «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс жасайды, онда демалушыларға көлдің жағасында орналасқан демалыс үйлері туралы тегін ақпарат пен кеңес береді. Барлық мәліметті мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде алуға болады. Сонымен бірге онлайн-режим арқылы демалыс базаларға алдын ала тапсырыс қабылдайды.

nullБиылғы жылы жағажай өткен жылдан да тамаша кейіпке енейін деп тұр. Айта кетерлігі көл жағасын абаттандыру жұмыстары биыл да жалғасын табуда. Атап айтқанда, арбатта құрғақ субұрқақ пен гүлзарлар, ауыз су фонтандары, түрлі пішіндегі сәулетті құрылыстар мен орындықтар орнатылуда. Бұл мақсатқа 467,9 миллион теңге қарастырылыпты. Бүгінгі күні арбаттағы үш мың шаршы метрлік алаңға төсеметас төселіп, 1 040 метр жиектас, 40 текше метр тірек қабырға орнатылды. Қазіргі таңда жағажайды, арбатты абаттандыру жұмыстары жалғасын табуда. Және Алакөлдің сол жақ жағалауы да түрленбек.

«Алдағы уақытта Арбаттың сол жағындағы жағалауды абаттандыру жұмыстарына күш салатын боламыз. Бұл мақсатқа 806,6 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінбек. Оның ішінде жерге тас төсеніш пен декинг төсеу, 900-ден астам кішігірім сәулет мүсінін, темір жақтаулар мен жүзу алаңының белгілерін орнату, сондай-ақ жасанды бұғаз салу жұмыстары жоспарланған. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің тапсырмасына сәйкес, жағалаудағы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр», - дейді аудан әкімі Серік Зинабекұлы.

Алакөл еліміздің туризм саласы үшін өте маңызды. Демалыс аймағы алдағы уақытта адам танымастай өзгереді. Теңдесі жоқ шипалы Алакөлде жоспарланған жұмыстар аяқталып, өткен жылы демалушылардың саны 500 мыңға жуық болса, биыл туристер саны одан әрі арта түседі деп күтілуде.

Іргемізде Алакөл тұрғанда, анау алыстағы Анталияны қайтеміз...

Соңғы жаңалықтар