«Алакөл-2018» кәсіподақ жазғы лагері форумы өтті

None
None
ҮРЖАР. ҚазАқпарат - Бүгін Шығыс Қазақстан облысының Алакөл курорттық аймағында республикалық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының «Алакөл-2018» кәсіподақ жазғы лагері» форумы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағымдағы жылы кәсіподақтар федерациясы бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен өзара байланысқа бағытталған бірқатар ірі ұйымдастырушылық-тәжірибелік іс-шаралар жоспарлаған еді.  «Алакөл-2018» кәсіподақтардың жазғы лагері Федерацияның кәсіподақ жүйесі үшін осы жаздың басты оқиғаларының бірі болды.

Жазғы лагерьде кәсіподақ қозғалысының 100-ден астам белсендісі арнайы оқудан өтті. Олардың ішінде жаңадан құрылған «Senim» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының, мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағының мүшелері болды.

Форум барысында саясаттанушы, саясат ғылымдарының кандидаты, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Ерлан Сайыров,  «Senim» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподақ төрағасы Сапарбек Дүйсенов, Шығыс Қазақстан облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Мейірхан Түлеубаев қатысушылар алдында кәсіподақтар қозғалысының идеологиясы мен құндылықтарын ілгерілетудің өзекті мәселелері туралы айтты.

«Биыл Елбасы әлеуметтік салада өзінің бірқатар бастамасын жариялағаны белгілі. Бұл бастаманың көпшілігі еліміздегі адам капиталының индексін дамытудағы негізгі рөл атқарады. Бүгінгі таңда Қазақстандағы ең негізгі мәселе қай аймақта болмасын, қай жерде болмасын адам индексін дамыту. Адам индексін дамытсақ қана біз  дамыған сонымен бірге әлеуетті елдердің қатарына қосыла аламыз», - деді Ерлан Сайыров. Сонымен қатар, ол адам индексін дамыту процесіндегі кәсіподақтардың орны мен рөліне де тоқталып өтті.

Оның айтуынша, бүгінгі өзгерістерге толы «Цифрлық технология» дамып  жатқан заманда кәсіподақтардың дамуы да маңызды.

«Соңғы 25 жыл ішінде елімізде кәсіподақтың теориясы мен практикасы жөніндегі пікірталас, талқылау болмаған екен. Міне, осындай жан жақты мәселелерді талқылау үшін қасиетті Алакөлде Қазақстанның түкпір түкпірінен кәсіподақтың белсенділерін шақырдық. Бұл жердегі ең негізгі мәселе кәсіподақтың ынтымақтастығын арттыру, екіншісі кәсіподақтың ғылыми сонымен бірге теориялық деңгейін көтеру және үшінші еліміздегі рухани туризмді дамытуға күш салу. Түйінін айтқанда, Алакөл рухани туризмді дамытудағы тағы бір бағыт болмақ», - дейді ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Ерлан Сайыров.

Сондай ақ, семинарда Шығыс Қазақстан облысының әкімі орынбасары Әсем Нүсіпова кәсіподақтар әлеуметтік еңбек қатынастарын шешудің маңызды буыны болып табылатындығын өз сөзінде айтып өтті.

«Жұмысшылардың әл-ауқаты мен әлеуеті, олардың әлеуметтік кепілі мен құқығының қорғалуы тек кәсіподақтардың белсенділігіне байланысты», - деді Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

Сонымен бірге, қолданбалы ғылым секторының өкілдері қатысушылармен өз тәжірибелерімен бөлісіп, тақырыптық тренингтер, тимбилдинг және т.б. шаралар ұйымдастырылды.

  Айта кетейік, биылғы жылдың басынан Кәсіподақтар федерациясы бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен өзара байланысқа және жұмыс жүргізуге баса назар аударуда. Себебі, кәсіподақтар қозғалысының және жұмыс топтарының мәселелері мен сұраныстарының барлық спектрі бастауыш кәсіподақ ұйымдарында шоғырланған.
nullnullnull

Соңғы жаңалықтар