Jańalyqtar
Альпіде неміс миллиардері Хауб Червин жоғалып кетті
2018 жылғы 12 сәуір 12:43
Бөлісіңіз:

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның Альпі тауларында неміс миллиардері Карл-Эриван Хауб іздестіріліп жатыр. Әлемдегі ең дәулетті отбасылардың бірінен шыққан Хауб Червин курорты аумағында шаңғы теуіп жүрген кезінде жоғалып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.
Ол сенбі күні таңертең қонақүйден шығып кеткен, бірақ кешкісін Швейцарияның шекарадағы Церматт кентінде белгіленген кездесуге бармаған. Миллиардердің отбасы іздеу операциясына ірі сомада ақша бөлгенін мәлім етті, алайда құтқарушылардың жұмысына ауа райының қолайсыздығы кедергі келтіруде.
Карл-Эриван Хауб Tengelmann холдингін басқарады. Оның қарамағында бірқатар сауда желілері, соның ішінде Obi мен Plus бар.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Ақмола облысында сотталушының асқазанынан ұялы телефон табылды
- Батыс Қазақстанда қар құрсауында қалған тұрғындар құтқарылды
- Елордада 14 жастағы жасөспірім жоғалды
- ШҚО-да қатты жел қазандықтың шатырын ұшырып әкетті
-
Қордайда 20-ға жуық жүк көлігі қар құрсауынан шығарылды
-
Елордада бассейннен 21 жастағы қыздың мүрдесі табылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER