Әл-Фараби мен Абайдың тойын, Жеңістің 75 жылдығын атап өтуге қанша қаржы бөлінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов 2020 жылы тойланатын Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдық мерейтойы, Жеңістің 75 жылдығы бойынша бюджет қаражаты оңтайландырылмайтынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталған атаулы шараларға байланысты қаржы бөлінді. Үш жылдың бюджетінде көзделді. 3 млрд теңге. Яғни, бұл қаражат 2020 жылы тойланатын Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдық мерейтойы, Жеңістің 75 жылдығына орай шараларға бағытталған», - деді Берік Шолпанқұлов

Вице-министрдің айтуына қарағанда, имидждік шаралардың біразы өтпейтін болып шешілген. Осыдан үнемделген қаражат ғылыми зерттеулерді арттыруға жұмсалып отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Берік Шолпанқұлов Қазақстанда имидждік мақсатқа жұмсалмақ болған 1 млрд 400 млн теңге үнемделгенін мәлімдеген болатын.

Соңғы жаңалықтар