«Ақжол» партиясы шымкенттік балаларға қамқорлық акциясын өткізді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – «Ақжол» партиясының Шымкент филиалы қайырымдылық шарасын өткізді. Жиынға кәсіпкерлер мен белсенді жастар қатысып, қаладағы бірқатар білім ордасындағы балалармен жүздесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Партия мүшелері шара барысында тұрмыс жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға мектеп бұйымдарын табыс етті. Жиында «Ақжол» партиясы Шымкент филиалы төрағасының орынбасары Мұхамед Қырықбаев ұстаздар мен балаларды жаңа оқу жылымен құттықтап, ақжолтай тілек білдірді.

«Балалар – біздің болашағымыз». Олардың қуанышын бөлісу үшін біз «Ақжол» партиясынан келіп отырмыз. Балалар, мектепте жақсы білім алып, үлкен азамат болыңыздар. Болашақта Қазақстанға қызмет ететін, еңбекқор, отансүйгіш, қайырымды да қайсар азамат болуларыңды тілеймін», - деді Мұхамед Қырықбаев.

Партияның шымкенттік филиалы мұндай шараны еліміздегі қиын кезеңге қарамастан жиі өткізіп келеді.

Бұған дейін партия мүшелері індет кезінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсеткен еді. Жаңа оқу жылында түрлі сыйлықтар табыстап, қуанышқа бөлеген болатын.

«Ақжолдықтар» мұндай қайырымдылық шараларын алдағы уақытта да өткізіп тұрамыз деп отыр.


Соңғы жаңалықтар