+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Ақжарқын Тұрлыбайға үкім шығатын күн әлі белгісіз

2017 жылғы 20 қаңтар 15:58
Бөлісіңіз:
Ақжарқын Тұрлыбайға үкім шығатын күн әлі белгісіз

БЕЙЖІҢ-ГУАНЧЖОУ. ҚазАқпарат - Есірткі тасымалдағаны үшін Қытайда істі болған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот үкімі шығатын күн әлі белгісіз. Бұл туралы ҚР-ның ҚХР-дағы елшілігінің консульдық бөлім жетекшісі Болат Сырлыбаев «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісіне берген сұхбатында хабарлады.

«Қазір қытайлық судьялар да, қытайлық адвокаттар да Ақжарқынға қатысты сот үкімінің нақты күнін атамай отыр. Мен олармен үздіксіз байланыстамын. Қазақстандық адвокат менің қатысуыммен қытайлық адвокаттар мен судьялармен сөйлесуде», - деп айтты ол Сұңқар Нұрмағамбетовтің үкімнің нақты күнін - 27-28 ақпан деп атағанына таңғалып. Дипломат бүгін Гуанчжоудағы тергеу оқшаулағышында Ақжарқынмен кездесіп, 40 минуттай сөйлескен.

Оның айтуынша, қыздың көңіл күйі жақсы. Алдағы мереке күндері жұмысқа шықпай, өзімен бірге камерада отырған 16 адаммен бірге болады.

«Ақжарқын тергеу оқшаулағышында жұмыс жасайды - ол қолғаптар мен басқа да бұйымдарды пакеттерге салып, қаптайды. Ақжарқын күн сайын Қытай телеарналарындағы жаңалықтарды қарап отырады (күніне 1-1,5 сағат қарауға рұқсат беріледі). Ол келесі жолы отбасылық суретті беріп жіберуін өтінген. Көзілдірік мәселесі шешімін тапты. Бұрынырақ камерада ыстық су болмады. Ол мәселе де шешілді», - деп хабарлады Б.Сырлыбаев.

Дипломат ақпанда келе жатқан туған күнімен құттықтап, карточкасына азырақ ақша салған. Бүгін қазақстандық консул Гуанчжоу қаласында тұтқындалған ҚР-дың үш азаматымен кездеседі.

Еске сала кетейік, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында 4,5 келі есірткімен ұсталған болатын.

Ол Малайзияға сәнді киімдердің курьері болып жұмыс жасауға аттанғанын айтып кеткен. Қыздың өзі есірткіні оған арандатушылар салып жібергеніне сенімді.

Бұл іске қатысты Қытай соты ауыр жаза тағайындап, оны өмір бойы бас бостандығынан айырған болатын.

Алайда кейін, Есірткі, психотропты заттардың заңсыз айналымымен күрес Орталық Азиялық аймақтық орталығы жас қыз нигериялық есірткі мафиясының құрбаны болуы мүмкін екенін айтқан.

2016 жылдың 7 сәуірінде апелляциялық сот сатысы Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойы бас бостандығынан айырған сот үкімінің заңды күшін тоқтатып, алғашқы сот сатысына істі қайта қарау туралы қаулы шығарған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT