Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайы қалай

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі Қытай түрмесінде отырған Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайы туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз xатшысы Айбек Смадияровтың айтуынша, Ақжарқын Тұрлыбай тергеу шараларына арызданбады. Түрмедегі жағдайына да шағымданып отырған жоқ.

"Қазіргі кезде ол аппеляциялық сотты күтіп отыр. Отырыстың нақты уақыты әлі белгісіз. Біз адвокаттармен үнемі байланыстамыз. Сол жақтағы консулдарымыз түрмеге барып, Ақжарқынның қал-жағдайын біліп тұрады. Оның өзінде түрмедегі жағдайға, тергеу шараларына қатысты арыз-шағымдар жоқ", - деді А.Смадияров Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Еске сала кетейік, 21 жастағы  қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Қытайдың Малайзиямен шекарасында есірткімен ұсталған болатын.  Оның жүк сөмкесінен 4,5 келі есірткі табылды, Ақжарқын ол туралы білмейтінін мәлімдеген. Осы іс бойынша Қытайдың Гуанчжоу соты Ақжарқын Тұрлыбайды есірткі контрабандасымен айыптап, өмір бойына бас бостандығынан айырды. 2016 жылы  7 сәуірде апелляциялық сатыдағы сот  Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өзгерту және істі бірінші сатыдағы соттың қарауына жіберу туралы қаулы еткен болатын. 

Соңғы жаңалықтар