+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушылары үкімді қайта қарауды сұрамақ

2019 жылғы 29 желтоқсан 10:06
Бөлісіңіз:
Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушылары үкімді қайта қарауды сұрамақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытайда есірткі контрабандасы үшін сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушылары сот үкімін қайта қарауды сұрағалы отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Ақжарқынның екі адвокатының бірі Мурал Аденұлы хабарлады. Себебі ол сот қорғаушы тараптың пікірін назарға алмаған дейді.

Еске сала кетейік, Қытай соты бұған дейін қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты өмір бақи бас бостандығынан айыру туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Жақында осы елдегі консулымыз Ақжарқынмен кездесіп, оған жақындарының фотосуреттері мен ағылшынша кітаптар табыс етіп қайтты. Оның айтуынша, қандасымыздың халі бірқалыпты. Ол өзін-өзі дамытуды жалғастырып, йогамен шұғылдануды бастаған.

Жалпы Қытайда есірткімен ұсталған адамдарға жаза қатаң. Дерекке сүйенсек, бұл елде 2000 жылдан бері оннан астам шетелдік өлім жазасына кесілген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT