Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі: Адвокаттары сот шешіміне апелляция бермек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаттары сот шешіміне апелляция беру мәселесін қарастыруда. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз де білетіндей, таяуда Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты өмір бойы бас бостандығынан айыру үкімі өзгеріссіз қалды. Қазіргі уақытта оның адвокаттары «соттың бұл шешіміне қайтадан апелляция беру керек пе» деген мәселені қарастырып жатыр», - деді Айбек Смадияров БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Еске сала кетейік, 21 жастағы қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Қытайдың Малайзиямен шекарасында есірткімен ұсталған болатын. Оның жүк сөмкесінен 4,5 келі есірткі табылды, Ақжарқын ол туралы білмейтінін мәлімдеген. Осы іс бойынша Қытайдың Гуанчжоу соты Ақжарқын Тұрлыбайды есірткі контрабандасымен айыптап, өмір бойына бас бостандығынан айырды. 2016 жылы 7 сәуірде апелляциялық сатыдағы сот Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өзгерту және істі бірінші сатыдағы соттың қарауына жіберу туралы қаулы еткен болатын.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға мемлекеттік сапары барысында осы ел түрмесінде жатқан отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін көтерді. Сонымен бірге, 27 желтоқсанда Гуанчжоу сотында Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды.





Соңғы жаңалықтар