+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Ақжарқын Тұрлыбай Қытай түрмесінде пакет қаптап жүр

2017 жылғы 20 қаңтар 16:46
Бөлісіңіз:
Ақжарқын Тұрлыбай Қытай түрмесінде пакет қаптап жүр

БЕЙЖІҢ- ГУАНЧЖОУ. ҚазАқпарат -Есірткі сатты деген айыппен Қытай Халық Республикасының түрмесінде отырған Қазақстан азаматшасы Ақжарқын Тұрлыбай қазір қытай түрмесінде жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның ҚХР-дағы меншікті тілшісі.

«Ақжарқын тергеу абақтысында бірреттік пакеттерге қолғаптар мен басқа да бұйымдарды салып, қаптайды. Ақжарқын күнде Қытай теледидары арқылы жаңалықтарды тыңдай алады (күніне 1-1,5 сағат теледидар көруге рұқсат етілген - агенттік). Ақжарқын келесі жолы отбасымен бірге түскен суреттерін беріп жіберуді өтінді. Көзілдірік мәселесін шешіп бердік. Бұрын оның камерасында ыстық су болмаған, қазір бұл мәселе де шешілген», - деді ҚазАқпарат тілшісімен әңгімелескен ҚХР-дағы Қазақстан Елшілігінің консулдық бөлім жетекшісі Болат Сырлыбаев.

Дипломат бүгін Гуанчжоудағы тергеу изоляторында Ақжарқынмен кездесіп, 40 минуттай әңгімелесіп қайтты.

Б.Сырлыбаевтың айтуынша, қазір Ақжарқынның көңіл-күйі жақсы. Келесі - мерекелік аптада Ақжарқын жұмысқа тартылмайды және 16 адаммен бірге камерасында демалады.

Дипломат Ақжарқынды ақпан айындағы туған күнімен құттықтап, карточкасына аздап ақша салып берді. Ақпан айында Ақжарқын 23 жасқа толады.

Дипломат бүгін сондай-ақ, Гуанчжоу қаласында ұсталған қазақстандық тағы бірнеше азаматпен кездеседі.

Б.Сырлыбаев қазақстандық қорғаушы Сұңқар Нұрмағамбетовтің Ақжарқынның соты 27-28 ақпан күні өтеді деген мәліметті растаған жоқ.

Еске сала кетейік, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында 4,5 келі есірткімен ұсталған болатын.

Ол Малайзияға сәнді киімдердің курьері болып жұмыс жасауға аттанғанын айтып кеткен. Қыздың өзі есірткіні оған арандатушылар салып жібергеніне сенімді.

Бұл іске қатысты Қытай соты ауыр жаза тағайындап, оны өмір бойы бас бостандығынан айырған болатын.

Алайда кейін, Есірткі, психотропты заттардың заңсыз айналымымен күрес Орталық Азиялық аймақтық орталығы жас қыз нигериялық есірткі мафиясының құрбаны болуы мүмкін екенін айтқан.

2016 жылдың 7 сәуірінде апелляциялық сот сатысы Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айырған сот үкімінің заңды күшін тоқтатып, алғашқы сот сатысына істі қайта қарау туралы қаулы шығарған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT