Ақжарқын Тұрлыбай адвокаттардан кітап әкеп беруді өтінді

None
None
ГУАНЧЖОУ. ҚазАқпарат - Гуанчжоу қаласындағы тергеу изоляторында отырған Ақжарқын Тұрлыбай адвокаттардан Стивен Хокингтің «Уақыттың қысқаша тарихы» және Герберт Уэллстың «Уақыт машинасы» кітаптарын әкеп беруді өтінген, деп хабарлайды Қытайдағы ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақжарқын Тұрлыбай С.Хокингтің «Brief history of time» және Г.Уэллстың  «The Time Machine» кітаптарын әкеп беруді сұрады. Мен ол кітаптарды табуға және 1 ай ішінде жеткізуге тырысамын», - деді ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатта «Rainmaker» заңгерлік компаниясының өкілі, адвокат Сяо Чжаньдэ.

 

Еске сала кетсек, 21 жастағы  қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Қытайдың Малайзиямен шекарасында есірткімен ұсталған болатын.  Оның жүк сөмкесінен 4,5 келі есірткі табылды, Ақжарқын ол туралы білмейтінін мәлімдеген. Осы іс бойынша Қытайдың Гуанчжоу соты Ақжарқын Тұрлыбайды есірткі контрабандасымен айыптап, өмір бойына бас бостандығынан айырды. Кейінірек, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі орталықазиялық аймақтық ақпараттық орталық қыздың нигериялық наркомафия құрбаны болғанын хабарлады. 2016 жылы  7 сәуірде апелляциялық сатыдағы сот  Ақжарқын Тұрлыбайдың өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өзгерту және істі бірінші сатыдағы соттың қарауына жіберу туралы қаулы етті. 2016 жылы 2 қарашада ҚХР Гуандун провинциясы Гуанчжоу қаласының бірінші сатыдағы сотында Ақжарқын Тұрлыбайдың ісін қайта қарау басталды, онда Ақжарқын жылап жіберді.

Адвокаттар сот шешімінен кейін жігерлене түсті.

Соңғы жаңалықтар