Ақын Аманхан Әлімұлы өмірден озды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақын Аманхан Әлімұлы өмірден озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Алаш» Халықаралық сыйлығының лауреаты, белгілі ақын Аманхан Әлімұлы қазіргі Түркістан облысына қарасты Отырар ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Мәскеудегі Бүкілодақтық М.Горький атындағы Әдебиет институтының жоғары курсын бітірген. Республикалық басылымдарда қызмет істеген. 2020 жылдың ақпан айына дейін «Ақиқат» журналының бас редакторы қызметін атқарған.

«Кездесу» (1983), «Жанымның жапырағы» (1989), «Ай нұры алақанымда» (1996) жыр жинақтарының авторы. 2019 жылы Арыс қаласының «Құрметті азаматы» атанған.


фото: turkystan.kz
Соңғы жаңалықтар