Ақылы жолда төлем жасамағандарға қанша айыппұл салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАвтоЖол» компаниясы ақылы төлдарға қалай төлем жасауға болатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылдың 23-қарашасынан бастап 7 жаңа республикалық жол учаскелерінде жол жүру ақысы алынуда.

Бұл келесі учаскелер: Нұр-Сұлтан-Павлодар, Шымкент-Өзбекстан шекарасы (Ташкентке), Щучинск-Көкшетау, Қапшағай - Талдықорған, Шымкент - Тараз, Тараз - Қайнар, Шымкент – Қызылорда.

«Егер сіз осы ақылы учаскелер арқылы өтіп, жол жүру ақысын төлемеген болсаңыз, онда сізге 7 күн ішінде тарифке сәйкес қарызыңызды өтеу мүмкіндігі беріледі. Ақы төлеудің 20-дан астам нұсқасы қарастырылған: QAJ mobile (мобильді қосымша), Kaspi.kz, Kiwi-әмиян, Forte Bank және т.б. Естеріңізге сала кетейік, жол жүру ақысын төлемеген жағдайда, 8-ші күні ҚР ӘҚБтК-нің 628-бабына сәйкес сізге айыппұл салынады. Жеке тұлғалар үшін ол 5 АЕК, заңды тұлғалар үшін -10 АЕК-ті құрайды. Барлық автокөлік жүргізушілерінен әкімшілік құқық бұзушылықты болдырмау үшін жолақысын уақтылы төлеуді сұраймыз», - делінген компания мәліметіне.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «ҚазАвтоЖол» компаниясының Теlegram-дағы желісі арқылы жолдардағы төлем құны мен өзге де сұрақтар бойынша жауап алуға болады.



Соңғы жаңалықтар