​​«Ақылды ұрпақ» атты жас ғалымдар форумы өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында онлайн форматта «Ақылды ұрпақ» атты жас ғалымдардың республикалық форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шараны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Білім және ғылым министрлігі бірлесіп ұйымдастыруды.

Форумға еліміздің барлық өңірлерінен жиналған 200-ден астам жас ғалым мен зерттеуші, сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асхат Оралов, ҚР БҒМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Думан Орынбеков, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің, ҚР БҒМ жанындағы жас ғалымдар кеңесінің өкілдері қатысты.

«Бүгін мұнда Тәуелсіз Қазақстанда өскен, жаңа ойлау қабілеті мен даму парадигмасы бар, өз жетістіктері мен табыстары бар жастар жиналғаны маңызды. Жастарды, әсіресе жас ғалымдарды, кәсіпкерлерді, новаторларды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үнемі қолдап отыратындығын атап өткім келеді», - деді Асхат Оралов.

Форум барысында Қазақстанның жас ғалымдары ғылымның түрлі саласындағы тәжірибесімен және өз саласындағы жетістігімен бөлісті. Олардың қатарында QazVac отандық вакцинасын әзірлеушілердің бірі Қуандық Жүгінісов.


Соңғы жаңалықтар