Ақтоты Райымқұловаға жарақаттанған спортшыны сауықтыру жобасы таныстырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова министрлік ғимаратындағы «Адалдық алаңында» азаматтарды жұмыс және жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрлік баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, қабылдауға министрмен қатар азаматтардың сұрағына жауап беру үшін вице-министрлер Елдос Рамазанов пен Нұрғиса Дәуешов, Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғалымжан Мелдешов пен Мәдениет және өнер істері департаменті директорының міндетін атқарушы Ғани Мұратов пен орынбасары Мақсат Арғынбеков қатысқан.

Министрмен кездесуге жазылған 10 адамның мәселесі сан алуан.

Ахан Өмірбек прозалық және поэзиялық шығармалар жинағының 2 томдығын министрліктің қолдауымен 2020 жылы шығатын кітаптар тізіміне қосуын өтінді. Бұл мәселе бойынша министр Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғалымжан Мелдешовке тапсырма берді.

Министрмен кездесу барысында Әмір Қуатов жарақат алған спортшыларды сауықтыруға арналған жобасы жайында тарқатып айтты. Ақтоты Рахметоллақызы аталған жоба бойынша Елдос Рамазановқа Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрлігімен бірлесе жұмыс тобын құрып, мәселені жан-жақты қарастыруды тапсырды.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова азаматтарды тыңдап болған соң, қабылдауда айтылған өтініштердің ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар