+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Ақтоты Райымқұлова Түркістан облысындағы мәдениет саласының үздіктерін марапаттады

2020 жылғы 23 мамыр 04:05
Бөлісіңіз:
Ақтоты Райымқұлова Түркістан облысындағы мәдениет саласының үздіктерін марапаттады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысына еліміздің Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова келіп, мәдениет саласының мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда «Бес ұрпақ» сауықтыру саябағы ашылды Қазақтың «ұлттық коды» сақталған Ықылас музейіне саяхат Қазақстандық бишілер World Folk Vision-2020 байқауында екінші орын иеленді

Аймақ бойынша мәдениет саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген майталмандарға министрліктің марапатын табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пен облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әзімхан Серікұлы және мәдениет қызметкерлері қатысты.


Жиында облыстық мәдениет басқармасы мәдениет және өнер бөлімінің басшысы - Гүл Советханқызы және де Карима Оралова, Өмірбек Қонысбеков пен Алмагүл Індемесова ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, Ақтоты Рахметоллақызы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің құрмет грамотасы мен алғыс хатын да өз қолымен табыстап, ізгі тілегін жеткізді.


Шара соңында айтыскер ақын, халықаралық, республикалық ақындар айтысының жеңімпазы Карима Оралова министрге алғысын білдіріп, марапатталғандар естелік суретке түсті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT