Ақтоты Райымқұлова елордалық жас оқырмандармен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова елордада жас оқырмандармен жүздесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдымен баршаңызды бүгінгі дүниежүзілік жазушылар күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былай деген «кешегі бабамызбен ғана емес, бүгінгі бағамызбен, ертеңгі шамамызбен де мақтана алатын ұлт болуды ойлауымыз керек» деп үндеу жолдаған болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің барлық тұрғындарының күш-жігерін қазақстандық оқырман ұрпақты тәрбиелеуге шақырды. Осыған орай, біздің министрлік 2021 жылды елімізде балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы деп жариялап отыр», - деді А. Райымқұлова кездесу барысында.

Министрдің айтуынша, айтулы датаның ел тәуелсіздігінің отыз жылдығына сәйкес келуі қуантарлық жағдай.

«Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, ендігі жерде кітап арқылы балалар мен жасөспірімдеріміздің тәрбиесіне үңіліп, олардың кітап оқу мәдениетін көтеруіміз қажет. Мен бүгін бүлдіршіндер өздеріңмен кітап оқу мәселесін талқылау үшін арнайы уақытымды бөліп отырмын», - дейді ол.

Айтулы шараға астаналық балалалардан бөлек, еліміздің басқа өңірлерінен де офлайн форматта қатысқандар болды.

Айта кетсек, бүгін елордада балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылының ашылу салтанаты өтті.


Соңғы жаңалықтар