Ақтөбенің үздік тергеушісі анықталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде өткен жылдың үздік тергеушісі мен анықтаушысы марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Самат Аисов тергеушілер мен анықтаушыларды марапаттады.

«Қызметтік міндеттерін адал орындағаны, қылмыстық істерді тергеу кезінде жоғары кәсібилігі мен жедел шеберлігін көрсеткен үшін Әсет Темірбаев «2020 жылдың үздік тергеушісі» және Нұрлан Сапарғалиев «2020 жылдың үздік анықтаушысы» жалаушасымен және грамотамен марапатталды. Тағы 18 тергеуші мен анықтаушыға алғыс хат берілді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Е. Сарқұлов.
Ақтөбе полициясы жыл сайын өз арасында үздіктерді анықтайды. Бұл құқық қорғаушылардың кәбісі біліктілігін арттыруға бағытталған жұмыс.


Соңғы жаңалықтар