Ақтөбенің сот орындаушылары шошқа фермасы жұмысының бір бөлігін тоқтатты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбедегі шошқа фермасында енді көң шығарылмайды, ағынды суды төгуге рұқсат жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Бестамақ ауылында орналасқан «Парижская коммуна XXI» ЖШС-да экологиялық заңнаманың бұзылуына байланысты сот үкімімен 7 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынған еді. Соттың шешімімен Ақтөбе облыстық Экология департаментінің лас суды төгу мен көң сақтау қызметін тоқтату туралы талап-арызы да қанағаттандырылды. Екі шешім де бүгінгі күні күшіне енді.

«Сот орындаушылары серіктестікке лас суды төгу және көң қоймасының жұмысын тоқтату туралы хабарлама жолдады. ​Алайда «Парижская коммуна XXI» ЖШС тарапынан сот шешімдерін орындау бойынша тиісті шара қабылданбады және оларды орындауға ниет білдірмеді. Сот орындаушылары құбырларды дәнекерлеп, көң қоймасының есігіне құлып салды», - деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Қазіргі кезде шошқа фермасының иесі Гайк Тертерян үйқамақта отыр. Оған қатысты қылмыстық тергеу басталды.


Соңғы жаңалықтар