Ақтөбенің кейбір газ құю стансалары талонға көшті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде сұйытылған газ тапшы. Бұл тапсырыс беруші кәсіпкерлердің кінәсі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында 180-нен астам сұйытылған газ құю бекеті бар. Қыркүйек айына облыстық энергетика департаменті 10 836 тонна газ алуға тапсырыс берді. Ал жеткізушілер Атыраудан алатын 1 мың тоннасын алудан бас тартты. Олар жүк пойызымен жеткізу кезінде бағаның көтерілетінін айтып, шығынын есептеген.

«Ақтөбе облысының негізгі сұранысы 13 мың тоннадан асты. Сондықтан бізге қажетті газ көлімін ұлғайту үшін министрлікке үнемі сұраныс беріп отырамыз. Тағы бір себебі – Жаңажол газ өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмысы жүргізілді. Сәйкесінше елімізде сұйытылған газ шығару көлемі азайды», - деді облыстық Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Айбек Қайыр.

Айта кетейік, зерделеу кезінде 180 газ құю бекетінің 119-да газ бар. Ол 66 пайызды құрайды. Оның 22 пайызы газды талонмен сатып жатыр. Алдағы уақытта мұндай тапшылық сезілмеуі тиіс. Себебі Ақтөбе облысы қазан айына 12 082 тоннаға тапсырыс берді. Баға тұрақты. 1 литрі 52-54 теңге.


Соңғы жаңалықтар