Ақтөбенің бас ұстазы оқушы қызын вакцина салдыруға ертіп барды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан оқушы қызына вакцина салдыруға келісім беріп, емханаға ертіп барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша 200-ге жуық адам Pfizer вакцинасын салдырды. Оның 88-і — жасөспірім. Сондай-ақ 13-і жүкті келіншек болса, көбі бала емізетін ана. Бүгін облыстың бас ұстазы Жолдас Батырхан өзге әріптестеріне үлгі болып, оқушы қызын емханаға ертіп барды. Ол алдымен келісім парағын толтырып, кейін дәрігерлерден кеңес алды.

«Облыс жұртшылығы вакцинаның пайдалы, қажет дүние екенін біледі. Әлемде коронавирус инфекциясы тіркеліп, тарай бастаған кезде көп адамның осы вакцинаны армандағаны да есімізде. Емі, шипасы табылса деді. Ғылыми зерттеу жүрді, ғалымдар көп іс тындырды. Көктемде ересектерге вакцина салдырар кезде отбасымыз түгел вакцина қабылдады. Бүгін қызымды ертіп келіп, өзім ревакцинациядан өттім. Ал қызыма Pfizer вакцинасын салдырдыруға рұқсат бердім. Ол 12 жаста. Қазір 6-сыныпта оқиды. Кеше ғана балалардың таратушы екенін білгенін, енді моральдық тұрғыда екпе алуға дайын екенін айтты», - деді облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы бойынша 12-18 жас аралығындағы 90-ға жуық жасөспірім бар. Жаңа оқу жылында 200-ге жуық бала коронавирус инфекциясын жұқтырып, дәрігер бақылауында болған.

«Балалардың ауырғанын көрмедім. Бірақ біз білетін ақпаратты айтсам, балалар көбіне тасымалдаушы. Олар өзгеге, үлкендерге жұқтыруы мүмкін. Өзімнің ата-жем ауырды. Сол кезде қатты қорықтым. Сондықтан мен вакцина салдырамын деп шешім қабылдадым. Ата-анам қолдады. Вакцина салдырған соң өзімді жақсы сезіндім. Ешқандай қорқыныш болмады. Осы арқылы замандастарыма үлгі болғым келді», - деді оқушы Гүлнәзи Нұрланова.


Соңғы жаңалықтар