Ақтөбенің аудандарында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар көбейді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе аудандарының барлығында дерлік вирус жұқтырған адамдар бар. Тек Қобда ауданы ғана дерттен аман, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы тәулікте Ақтөбе облысында 26 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Қазір аудандарда көбейіп барады. Мәселен, Алға мен Ырғыз, Темір аудандарында -3, Байғанинде - 1, Қарғалыда - 2, Мәртөкте - 16, Мұғалжарда - 15, Шалқарда - 24 адамға жетті. Бұған дейін Шалқар қаласында ерекше шектеу шарасы енгізілгенін хабарлаған болатынбыз.

«Соңғы тәулікте вирус жұқтырған 19 адам - Ақтөбе қаласынан. Шалқар ауданында ‒ 2 әйел, Мұғалжар ауданында ‒ 3 адам, Ырғыз және Мәртөк аудандарында бір адамнан тіркелген. 19 пациент ЖРВИ симптомдарымен медициналық көмекке жүгінген. Ал 4 науқас бұған дейін коронавирус анықталған адамдармен қарым-қатынаста болған. 2 адам эпидқадағалау, 1 адам профилактикалық мақсатта қаралған», - деп хабарлады облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Барлық науқас жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған. Олармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды

Айта кетейік, Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясымен жалпы 427 адам тіркелген, оның 244-і жазылып шыққан.


Соңғы жаңалықтар