Ақтөбеліктер қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеліктер саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш маңына жиналып, еске алу шарасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске алу шарасына облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен қала әкімі Ілияс Испанов, ардагерлер, этно-мәдени бірлестік өкілдері, тарихшылар қатысты.

«Тарихи деректер бойынша 1932-1933 жылдары аштық пен аурудан Қазақстанда 3 миллилонға жуық адам көз жұмды. Аштық кезінде балалар мен қарттар өте көп қырылды. Қарттардың қырылуы халқымыздың даналығы мен тәжірибесінің алтын қорын шайқаса, балалардан айырылу ұлтымыздың болашағына, ертеңіне деген қауіпті күшейтті. Барлығы 600 мың қазақ аштық пен аурудан жан сауғалап, туған жерін тастап кетуге мәжбүр болды. Кейін Сталиндік репрессия болды. Тек Ақтөбеде 7 мың адам айдауға кетіп, 1800-ден астамы ату жазасына кесілді. Біздің борышымыз елдің бірлігін сақтап, сол бір зұлмат жылдары құрбан болған қандастарымыздың есімін ұмытпау, есте сақтау», - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Ескерткіш маңына 1930-шы жылдары Қиыр Шығыстан Ресей, кейін қазақ жеріне қоныс аударған Марс Ким де келді. Ол Қазақстанды екінші Отаным деп бағалап, құрметтейді.

«Жасым 91-ге келсе де қуғын-сүргін құрбандарын еске алу ескерткішіне келіп тұрмын. Корей халқын бауырындай қарсы алып, қамқор болған қазақ халқына, Қазақстанға алғысымды білдіремін. Мұнда балаларымыз, немерелеріміз дүниеге келді, өсті. Бүгін қиын күндерді еске алып, бәрін көз алдымнан өткіздім. Ашаршылық, соғыс жылдары мен қайта құруды көрген адам ретінде қазақтардың мейірімі мен қонақжайлығына бас иемін», - деді Марс Ким.

Соңғы жаңалықтар