Ақтөбелік жастар алдағы жоспарымен бөлісті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі жастар ұйымы бірігіп, «Жаңа Қазақстан» республикалық шарасы аясында атқарылатын жұмыстарын пысықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде «Қазақстанның студенттер альянсы», «Жас сақшы» ұйымы мен Ақтөбе пікірсайыс орталығы бірігіп, алдағы жоспарымен бөлісті. Олар қайымдылық жұмыстарын жалғастырып, замандастарын игі іске жұмылдыруға ниетті.

«Жаңа Қазақстанға - жаңа дағдылар» жобасы арқылы біз білікті мамандардың өз тәжірибесімен бөлісуіне мүмкіндік береміз. Яғни, кез келген саладағы маман өзінің білгенін айтып, үйретеді. Ал «Қазақстанға менің қосар үлесім» облыстық байқауын мәслихат депутаттарымен бірге өткіземіз. Сонымен бірге «Көмек қолын соз» акциясы үнемі жалғасады. Біз қыста жұмыста жүретін коммуналдық сала қызметкерлеріне ыстық тамақ тараттық. Әрі өткенде блокбекетте тұрғандар әскерилер мен полиция қызметкерлеріне азық-түлік тасып бердік«,- деді облыстық жастар ресурстық орталығы бөлімінің маманы Исабек Дүйсенбаев.
Ал « Жас сақшы« ұйымында 20-30 мүше бар. Олар полиция қызметкерлерімен бірге тәртіп сақшыларына көмектесіп, былтыр 100-ге жуық рейдке шықты.
»Жастар ресурстық орталығымен бірігіп, М.Мақатаевтың туған күніне орай кеш ұйымдастырамыз. Мұнда сахналық қойылым ұйымдастырылып, өлең оқылады. Сонымен бірге пікірсайысшылар Жамбылда өтетін жарысқа дайындалады. Негізі жоғары оқу орнының студенттері арасында Гүлнұр Амангелдіқызы, Сәтбек Орақова, Әмина Куваш, Әділхан Канаткалиевті баса айта кету керек. Ал колледж студенттері арасынан Әлішер Саматай, Мирлан Сермағамьетов, Томирис Бекжанова, Әйгерім Бисембаеваны үздіктер қатарына қосамыз. Сонымен бірге біз өлкетану бағытында замандастарымыздың танымын кеңейтіп, білімін жетілдіреміз«,- деді Ақтөбе пікірталас орталығының директоры Жоламан Асанұлы.


Соңғы жаңалықтар