+7 (701) 759 90 19
USD 420.76 EUR 498.6
RUB 5.6 CNY 62.27
Jańalyqtar

Ақтөбелік полицейлер қар құрсауында қалған 8 шетелдік автобус жолаушысына көмектесті

2020 жылғы 28 қаңтар 16:34
Бөлісіңіз:
Ақтөбелік полицейлер қар құрсауында қалған 8 шетелдік автобус жолаушысына көмектесті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Бір мезетте жолда 8 жолаушылар автобусы тұрып қалды. Полиция 400-ге жуық жолаушыға көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ауыл тұрғындары газ құбырының сапасыз тартылғанына наразы - Алматы облысы Үндістанда үш қабатты тұрғын үй құлап, сегіз адам қаза тапты Нью-Йоркте метро пойызы рельстен шығып кетті

Республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдарда жүк, жолаушылар көліктері үшін 27 қаңтар күні қозғалыс шектелген болатын. Патрульдік полиция ротасының 40 қызметкері мен 20 көлік жолдағы тәртіпті бақылады. Сонымен қатар қауіпті жол учаскелерінде аудандық бөлімшелердің 71 қызметкері жұмылдырылды.

«Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар күшейтілген режимде қызмет атқарып, қар құрсауында қалған жүргізушілерге көмек көрсетті. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Самара-Шымкент тасжолында 8 автобус тұрып қалды. Онда 368 шетел азаматы болды. 12-і әйел және 7 бала. Барлық автобусты полиция бақылауға алып, жылыту бекеттеріне жеткізді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, РФ Орынбор қаласынан Ақтөбеге келе жатқан «SЕТRА» маркалы автобус жолаушылары Мәртөк ауылындағы мектепке орналастырылды. Онда 41 жолаушы болды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT