Ақтөбелік өлкетанушы вице-премьерден Көкжиде су қорын қорғауды сұрады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбелік өлкетанушы Бекарыстан Мырзабай Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтан ең сапалы су қорын сақтап қалуды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкжиде жерасты су қоры орналасқан аумақта бүгінде бес мұнай компаниясы жұмыс істеп тұр. Жыл сайын экологтар тексеру жүргізіп, ластану дерегін тіркеп келеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, мұнай шығып жатқан жердегі тұщы судың нақты қорын анықтауға 1,1 млрд теңге қаржы керек.

«Біріншіден, Көкжиде су қорының сапасы жақсы. Екіншіден, су қоры мол. Тек Ақтөбе облысы емес, көрші Атырау, Маңғыстау облыстарына пайдалану жобасы бар», - деді Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ экологтар вице-премьерден қоғамда пікірталас тудырған - Ақтөбедегі 7 өзеннің арналарын кеңейту және тазарту жұмыстарына қатысты сұраған болатын.

Еске салсақ, Ақтөбе облысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған үкіметтік жұмыс тобы келді. Оның құрамында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов пен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бар.

Соңғы жаңалықтар